Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Алдаберген Асыл Берікұлы тағайындалды, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Асыл Алдаберген 1998 жылы Түркістан қаласында туған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Turkistan Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің менеджері және басшысы болған. 2019 жылдың тамыз айынан бастап 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының көмекшісі қызметін атқарған.