"Қазгидромет" 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қалың қар түседі. Оңтүстікте қатты оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, екпінді жел тұрады.
Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстікте, батыста, Ақмола облысының орталығында желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.