26 желтоқсанда таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2 300 -ден астам жол жұмысшысы мен 1 300-ге жуық арнайы техника шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жауын-шашын көп жауатын уақытта елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимдегі жұмыс тәртібіне көшеді.
Бірінші кезекте қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін негізгі магистральдер қардан тазартылады. Одан әрі қозғалыс қарқыны орташа – алаңдар, вокзал маңы мен тротуарлар қардан тазартылады.
Жауын-шашын басталғалы елорда полигонына 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 45 мың рейсті құрайды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 26 желтоқсанда боран, көктайғақ болады және желдің екпіні 28 м/с жетеді.
Елорда қонақтары мен тұрғындарын жолда абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.