Mercedes және BMW көліктерін сәндеп алған жүргізушілер айыппұл арқалады

Олар безендірілген көліктерінің фотосын әлеуметтік желіге салған.

Алматыда көлігін безендіріп алған тұрғындарға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері көлігін безендіріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 7-бөлігі бойынша құқық бұзған.

Сондай-ақ олардың әрекеттерінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері анықталды.

Жергілікті полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.