Бірінші көлігімді түсімде көрдім: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуін есіне алды

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі сыйға тартқан алғашқы көлігін көрсетті.

Тележүргізуші марқұм күйеуі тарту еткен сыйлықтың фотосын  Instagram парақшасына салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ең алғашқы көлігімді түсімде көрдім. Қайрекем сыйлаған. Жартылай несиеге алған ғой. Бір айдан кейін маған "Төлеу керек" деген хабарлама келіп тұр. Артынан неге олай алғанын түсіндіріп берді. Іскер адамдардың өз жоспары болады. Сөйтіп Қайреке 1 жылда төлеп тастады", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол артынша марқұм жолдасының балаларға да қаржылық сауаттылықты үйреткенін есіне алды.