Коронавирус қаупі: Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салынды

Коронавирус қаупі: Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салынды

8 наурыздан бастап Қазақстан коронавирусқа байланысты Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруіне тыйым салады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев,- деп жазады sputniknews.kz.

"8 наурыздан бастап Оңтүстік Корея азаматтарының елге кіруі тоқтатылады", - деді ол бейсенбі күнгі брифингте.
Қамалиевтің айтуынша, екі елдің әуе компанияларына қазақстандықтарға ғана ұшуға рұқсат етілетіні туралы хабарланған. Шектеу ресми және мемлекеттік делегацияларға, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелеріне, әуе компания ұшқыштары мен экипаж мүшелеріне, локомотив бригадаларына, теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға, жүктерді халықаралық тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерге қатысты емес.