«Қазгидромет» РМК 28-30 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның бүкіл аумағының ауа райына Атлантикалық циклон өз әсерін сақтап, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі, сондай-ақ бұран, көктайғақ және екпінді жел 15-28 м/с, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік өңірлерде өте қатты жел 30 м/с және одан аса болады деп күтілуде.
30 желтоқсанда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 7-15 аязға дейін, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 3-13 аязға дейін аздаған төмендеуі күтіледі.