Кеште Павел Тарасеевичтің дирижерлік етуімен Алматы қаласындағы «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі де өнер көрсетті. Бұл ансамбль 1997 жылғы ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының Халық артисі, профессор Гаухар Мырзабекованың бастамасымен құрылған болатын. Осы уақыт ішінде ансамбль құрамындағы жас музыканттар әлемнің көптеген еліне гастрольдік сапармен барып қайтты. Олар бұл кеште «Симфония 29 финал», «Айттым сәлем Қаламқас» сияқты сазды шығармаларды орындады. Музыкалық кешті композитор Серік Еркінбеков жоғары деңгейде бағалады.
«Бағдарламалары өте күшті. Әлемнің шығармалары, композиторлары, үлкен орындаушыларымыз солардың репертуарларынан жақсылап түсіріп, өзіміз де аздап таңғалдық. Жақсылық тілейміз. Оркестр өсе берсін. Тағы да келешекте үлкен әлемдік концерттік залда концерттерін беріп, осылай өзіміздің қазақ өнерін көрсетсе, біз өте қуанышты боламыз», – деді ол.
Еске салайық, Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы эстрадалық-симфониялық оркестрі 2023 жылғы 27 маусым күні құрылған.