Өзбекстанды мойындатқан Нұрлан

Өзбекстанда соңғы 7 жыл­да алғаш рет халықаралық ақындар айтысы өтті. Жыр додасы жергілікті қазақ мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақ пен қырғыздың арқалы ақындары бас қосқан айтулы айтыстың бас жүлдесіне 10 миллион сом, яғни 400 мың теңге тігілді, ал жалпы жүлде қоры миллион теңгеге жуықтады. Сөз құдіретін тереңінен түсінетін қазақ қашанда ұлттық құндылыққа бай. Қай жерде жүрсе де төл өнерден алыстаған емес. 

Ақындар айтысы 60 жылдан бері жергілікті телеарна эфирінен түспей келе жатқан «Замандас-Ди­дар» бағдарламасының мерейтойына орайластырылды. Шығармашылық ұжым Өзбекстанның түкпір-түкпірін ара­лап, қандастардың тыныс-тір­шілігін баяндайды. Мәдениеті мен өнерінің дамып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалуына қосқан үлесі зор. 

Жыр бәйгесі 4 сағатқа созылды. Тартысты өткен финалдың нәтиже­сінде бас бәйге қазақстандық Нұрлан Есенқұловтың еншісіне бұйырды.