28 желтоқсанда Қазақстанның 16 аймағында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда боран, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Талдықорғанда түнде тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Орал қаласында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, облыстың батысында 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда да қатты жел тұрып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 18 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Атырауда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 18 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, облыстың орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада тұман болуы ықтимал.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде – көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбеде көктайғақ болады деп күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың тау асуларында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкент пен Түркістанда түнде тұман болуы ықтимал.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда таңертең және түстен кейін көктайғақ болады деп күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Өңірдің батысында, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі.