Қазақстан тұрғындары қай әлеуметтік желіде көп уақыт өткізеді

Былтырдан бері Қазақстанда әлеуметтік медиаға қызығатындар қатары жиілеп келеді.

Data.ai Intelligence ақпаратына сәйкес, елде желі қосымшалары 120 миллионнан аса   жүктелген. Бұл өсім әртүрлі әлеуметтік платформадағы пайдаланушылар базасы барын көрсетеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Data.ai жүргізген пайдалану есептеулерінің дерегі бойынша, әлеуметтік платформалардың қай түрі Қазақстанда көбірек назарға ілінгені көрсетілген. Былтыр TikTok өз аудиториясын 25%-ға арттырса, Instagram базасын 12% өсіммен сенімді түрде өсімді жалғастырып отыр. Facebook та былтыр аудиторияны 25% көбейтсе, VК 7%-дық өсімге жеткен. Likee платформалары мен Одноклассники 5%-ға көтерілген. Алайда  2023 жылы Қазақстан нарығына шыққалы бері Cheelee өз аудиториясын 77%-ға ұлғайтып отыр.

Бұл сандар әлеуметтік медианың Қазақстанның цифрлық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналғанын айғақтайды. Шексіз мазмұн арналары, креативті сөйлеу мүмкіндіктері және динамикалық пікірталастар бұл платформаларды танымал ойын-сауыққа ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-мәдени өмірінің негізгі элементінің біріне айналдырған.

Қызықты әлеуметтік желі түрлерінен басқа, бізде ең пайдалы eGov mobile пайдаланушыларының да өсімі 25% құраған.