"Тойға шақырамын". Танымал актриса әріптесі Дәурен Айдарқұловпен қарым-қатынасы туралы айтты

Танымал актриса, тележүргізуші Салтанат Серкебаева Дәурен Айдарқұловпен арасындағы байланыс туралы "Оян, хабар" бағдарламасында айтты.

Танымал актриса, тележүргізуші Салтанат Серкебаева Дәурен Айдарқұловпен арасындағы байланыс туралы "Оян, хабар" бағдарламасында айтты, – деп хабарлады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл хайп үшін жасалған.

"Дәурен Айдарқұловпен арамыздағы "химия" киноға адам тарту үшін "хайп" ретінде жасалды. Ондай нәрсе жоқ", – деді ол.

Актриса сүйіктісі бар екенін де жасырмады.

"2024 жылды отбасы жылы деп жариялаймын. Сүйіктім бар, бұйыртса, тойға шақырамын", – деді ол.