Оқиға бүгін, яғни, 28 желтоқсан күні сағат 13.00 шамасында болды.
Атырау қалалық Gолиция басқармасынан анықтағанымыздай, Атырау агротехникалық колледжінің 1-курс студенті соққыға жығылған.
Құқықбұзушылық жасады деген күдікпен сол оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілді. Жәбірленуші студент облыстық ауруханаға жатқызылды.
"Жәбірленушінің жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Тиісті тергеп-тексеру басталды", –делінген Атырау қалалық Полиция басқармасы таратқан мәліметте.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА