Ақтауда бораннан жаңа жылдық шырша құлап қалды

Бұл жайында жергілікті Lada.kz басылымы жазды.

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы жаңа жылдық шыршаның құлап қалған видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Шырша желдің екпініне төтеп бере алмай, жерге құлаған.

Видеодағы кадрларға қарағанда, бұл сәтте шыршаның айналасында адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ. 

Қала басшылығы әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.