Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында мектеп ауласында ер адам асылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Kazinform елдің Бас прокуратурасына сілтеме жасап жазғандай, бүгін, 28 желтоқсан сағат 07:45-те 1992 жылы туған ер адам Мирзо Ұлықбек ауданындағы № 248 мектептің артындағы ағашқа асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұмның психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны, бұған дейін де бірнеше рет өзіне қол салуға әрекет жасағаны анықталды.
Қазіргі таңда Мирзо Ұлықбек аудандық прокуратурасы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.