28 желтоқсанда Талдықорған қаласының полиция бөліміне бір мектептің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жасар оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері айналысып жатыр.
"Оның жоғалуының бүкіл мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған", – деп мәлімдеді Талдықорған қалалық полициясынан.
Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынып жатыр.
Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр, сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасып жатыр.