Тегін жүруге арналған картаны онлайн рәсімдеуге болады
Тегін жүруге арналған картаны онлайн рәсімдеуге болады
Елордалықтар 7 наурыздан бастап балалардың атаулы көлік картасына www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс бере алады, – деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. Қажетті құжаттар: 1. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін Туу туралы куәлігі; 2. Оқу орнынан анықтама; 3. 3х4 сурет (ақ фонда); 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін 1. Жеке куәлігі; 2.Оқу орнынан анықтама; 3. 3х4 сурет; Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасауға болады. Бағасы – 400 ₸. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаға картаның дайындығы туралы хабарлама келеді. Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекенжайында орналасқан орталық кассадан ала алады. Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.