Қазақстанда құжат алу бағасы өсті

Туу туралы куәлік тегін беріледі.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда АЕК мөлшері 3 692 теңгені құрайды. Соған байланысты құжат алғанда төленетін мемлекеттік баж мөлшері де өсті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Енді қазақстандықтар жеке куәлікті 738 теңгеге (0,2 АЕК), 36 беттен тұратын стандартты паспортты 29 536 теңгеге (8 АЕК) жасатады. Ал 48 беттік төлқұжат үшін мемлекеттік баж мөлшері – 44 304 (12 АЕК).

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде балалар паспорты екі есе арзандады. Енді 16 жасқа дейінгі балаларға 24 беттік паспорт жасату үшін мемлекеттік баж 4 АЕК немесе 14 768 теңге болады.

Неке қию туралы куәлік – 3 692 теңге (1 АЕК) және қайта алу – 1 846 теңге (0,5 АЕК), жүргізуші куәлігі – 4 615 теңге (1,25 АЕК) және ажырасу туралы өтініш беру үшін – 7 384 теңге (2 АЕК) төлейді.

Ал туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ бұл құжатты алуға қайта өтініш берген жағдайда 1 846 теңге (0,5 АЕК) төлеу керек.