Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты Egemen Qazaqstan газетінде жарияланады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.