Жапония астанасы – Токио әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың 5 мүшесі қаза тапты.
24.kz-тің дерегінше, қаза тапқандар – жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері. Олардың арасында бір адам ғана аман қалған. Ол – әуекемесінің капитаны.
Ауыр жарақат алған капитан ауруханада жатыр. Ал Japan Airlines кемесіндегі жолаушылар арасында қаза тапқандар жоқ. Жергілікті билік ұшақта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын ресми мәлімдеді.
Апаттың себебі анықталып жатыр.