Бүгін құтқарушыларға сағат 11.10-да Атырау қаласы Көкарна ауылы Көкарна көшесінде тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ жарылғанын анықтады. Жарылыс дүмпуінен 9 шаршы метр қабырға қирап, 140 шаршы метр үй өртенген.
Өрт сағат 12:03-те оқшауланды, сағат 12:22-де толық жойылды.
Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалды. Олар ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.