"AMANAT" партиясының хатшысы Шолпан Каринова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтылған мәселелер бойынша пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шолпан Каринова, сұхбатта қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерге қатысты пікір айтылғанын атап өтті.
"Бәрі еліміз үшін аса маңызды. Президент тағы бір мәрте “Мен елімізде «заң мен тәртіп» қағидатының орныға түскенін қалаймын. Сондықтан нақты жауап берейін, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын", – деді Ш.Каринова.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, елімізде заң үстемдігін нығайтуға ықпал жасау қажет екенін де айтып өтті.
"… Біз қоғамды ішінен ірітетін, адамгершілікке жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек” – деп, Президент заң үстемдігі, тәртіпті күшейтіп, зорлық-зомбылыққа жол бермеуді мықтап айтты.
Қоғамда балаларға және әйелдерге қатысты қылмысқа, зомбылыққа еш жол берілмеуі керек.