2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтожол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысында – 1 учаске:
1. «Үшарал-Достық» 84 – 184 км. Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км.
Қарағанды облысында – 1 учаске:
1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км. Пришахтинск а. – Новостройка а. – 16 км.
"Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс). Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 345 техника мен 584 адам жұмылдырылды", – делінген хабарламада.