"Қазгидромет" 4-6 қаңтар аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын-шашын, негізінен қар жауады, бұрқасын көтеріліп, көктайғақ, екпінді жел соғады.
Ал елдің оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашын жаумайды деп болжанып отыр.
Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды.