Ғылым және білім саласындағы педагог, ғалымдардың жалақысының өскені қуантады. Президент 2029 жылы ЖІӨ 2 есеге арттыру туралы Үкіметке тапсырма бергенін айтты, бұл өз кезегінде ғылымға бөлінетін қолдауды көбейтері сөзсіз.
Халықаралық аренада өз орны бар Қазақстан 2024 жылы бірнеше халықаралық ұйымға төрағалық етеді.
Халықаралық көшпенділер ойынын өткізеді, бұл өз кезегінде ұлттық рухтың асқақтауына көмектесері сөзсіз. Президент 2024 жылы қазақтың біраз айтулы тұлғаларының мерейтойлары екенін атап өтті. Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл, Қазақтың тұңғыш ғылым академиясын құрып, Қазақ ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның атындағы қара шаңырақ Сәтбаев университеті ғалымның лайықты ізбасарларын дайындап келеді.
Президент сұхбатында көптеген қордаланған мәселеге жауап берді. Маған ең әсер еткені, бабаларымыз батыр болған деп өткенге қарай бермей, болашақ туралы, ғылым, техника, инновация туралы көбірек ойлануымыз керек дегені болды. Шынында, ұлтты біріктіретін ортақ идея, болашақ және нақты жұмыстар айналасында ұйысып, Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп» қызмет етейік.
Азат Сейітхан, Ph.D докторы, қауымдастырылған профессор,
Сәтбаев университетінің инженерлік бейінді зертхана жетекшісі