Өскемен қаласында петарда атпақ болған жасөспірім ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірім алған жарақатының салдарынан ауруханаға жатқызылды.
«Жаңажылдық мереке күндері жасөспірім жарылған петарданың салдарынан қолынан жарақат алды. Ол жолда отшашуды байқап, көтеріп, тұтандырды, бірақ лақтырып үлгермеді. Петарда қолында жарылды. Жасөспірім ана мен бала орталығына жатқызылды», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.