Шымкент қалалық ҚМА департаменті «Свой дом» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тергеу барысында салымшылардың баюы басқалардың жарналары есебінен жүзеге асырылатын қаражат жинау схемасы анықталды.
«Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары инвесторларға енгізілген сомадан 40% пайда алуға уәде берген.
Қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті деп танылды, салымшыларға келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңге болды», – делінген агенттік дерегінде.
Аталған тұлғалар сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертті.