Түркістан облысының солтүстігі мен батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Атырау облысының батыс, оңтүстік, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батыс, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батыс, солтүстік, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Аймақтың батыс, солтүстік, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысы мен шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстік, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың шығысында екпіні 18 м/с болады.
Маңғыстау облысының батыс, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.
Абай облысының батыс, солтүстік, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен соғады. Облыстың батыс, солтүстік, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының батыс, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел шығыс пен оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысының Алакөл аймағында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.
Қарағанды облысының батыс, солтүстік, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы күндіз екпіні 23-28 м/с болады.