Сондықтан ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Боранға байланысты Ақмола облысында – 1 учаске
«Щучинск-Зеренді» 0-77 км, Щучинск қ. – Зеренді ауданы аралығына – 77 км.
Сондай-ақ Жетісу облысында – 1 учаске
«Үшарал – Достық» 84-184 км, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін – 100 км.;
Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Кейінгі тәулікте республикалық маңызы бар күре жолдардағы қауіпсіздікті сақтауға 302 бірлік техника және 441 адам жұмылдырылды.
Бұған дейін 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.