5 қаңтар күні Алматы уақытымен түнгі 00:51-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл деректі сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 404 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.2.
MPV магнитудасы – 4.1.
Тереңдігі – 10 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», – делінген кезекші оператордың хабарламасында.