Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Жамбылұлы Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Берік Манасов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2005 жылы жеке меншік ұйымда қаржылық талдаушы болып бастаған.
2007 жылы екінші деңгейдегі банкте ШОБ-ты несиелеу бөлімінің маманы болып жұмыс істеді.
2007-2008 жылдары – «Abadan Investments» АҚ инвестицияларды орналастыру департаментінің менеджері.
2008-2013 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да түрлі қызметте болды.
2013-2014 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қазынашылық департаментінің бас менеджері, директоры.
2018 жылы – «ҚазАгроКепіл» АҚ Ішкі бақылау қызметінің бастығы.
2022-2023 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры болып қызмет етті.
2023 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.