NASA Марста түсірілген құпия фотоларды жариялады
NASA Марста түсірілген құпия фотоларды жариялады
©jpl.nasa.gov
209
оқылды
Марс планетасында түсірілген ең сапалы фотоны NASA жұртшылыққа көрсетті. 1,8 миллиард пикселдің көмегімен жинақталған панорамалық фотодан Марс табиғатының сұрқай екенін байқауға болады. Марстағы аппарат төрт күн бойы мыңнан аса фото түсірген. Барлық фотолар 12:00 мен 14:00 аралығында, күн жарығының біркелкі түсер уақытында бейнеленген. Панорамалық фотодан Гейл кратеріндегі Шарп тауларының Глен-Торридон аумағын байқауға болады. – Біз үйде түскі ас ішіп жатқан уақытта Curiosity ровері (Марстағы Гейл кратерін зерттеу үшін жеңіл көліктің көлеміндей етіп құрастырылған ровер – авт.) нағыз ғажап дүниені жасап жатты, – дейді NASA ғалымы Эшвин Васавада. https://www.youtube.com/watch?v=X2UaFuJsqxk