Шымкентте дүкен кассирі сатылған тауарлардың ақшасын жеке есепшотына аударып отырған

Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Полицияға кеңсе тауарлары дүкенінің кассасынан 650 мың теңге көлемінде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, қол астындағы қызметкері сатылған тауарлардың ақшасын аз-аздан жеке есепшотына аудартып алып отырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді.

Тергеу барысында азаматша өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін өкінетін жеткізді. Жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық шығынның толық өтелуіне байланысты оған кешірім берді.