Шымкентте бірқатар ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды, соның салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі жараланып, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отырар арнасының жазуынша, полицияға алғашқы хабарлама 4 қаңтарда сағат 18.00 шамасында келді.
Абай даңғылында көптеген жарақатпен 48 жастағы ер адам табылды.
Тұран ауданы учаскелік полицейлерінің арқасында ауыр жағдайда зардап шеккен азамат дер кезінде ауруханаға жатқызылды.
1975 жылы туған науқасқа күрделі операция жасалды. Операциядан кейін ол реанимация бөліміне ауыстырылды.
Біраз уақыттан кейін (редакцияда бар ақпарат бойынша) екінші хабарлама келді. 1 мамыр көшесінде 1984 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сұмдық жағдайлар сериясы мұнымен аяқталған жоқ.
5 қаңтар күні сағат 12.00 шамасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында тағы бір ер адамның мәйіті табылды.
Қорқынышты қылмысқа қатысы бар күдікті 5 қаңтарда Тәуке хан даңғылында ұсталды.
«Күдікті ұсталды. Аса ауыр қылмыс жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген Шымкент ПД ресми хабарламасында.