Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алғаны үшін "Атырау облысы Білім басқармасы Жылыой ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атыраудың мамандандырылған тергеу соты мемлекеттік қызметшіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.