Көлік министрлігі бірқатар ақпарат құралында жарияланған мәліметті жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айта кетейік, кей ақпарат көздерінде ресейлік олигарх санкцияны айналып өтіп, Қазақстан арқылы жеке ұшақ сатып алғаны жөнінде жаңалықтар жарияланды.
Онда миллиардердің қазақстандық тасымалдаушы Irtysh Air арқылы Falcon 7X бизнес джетін 36 млн долларға сатып алғаны айтылады.
Дегенмен ҚР Көлік министрлігі бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
«Әуекемесінің бұл түрі бұрын-соңды Қазақстан азаматтық әуекемелерінің мемлекеттік тізілімінде болмаған. Қазіргі уақытта Irtysh Air әуекомпаниясының азаматтық әуекемелерін пайдаланушы ретінде қолданыстағы сертификаты да жоқ және 10 жылға жуық уақыттан бері ұшпаған. Әуекомпаниясы әуекемесінің бұл түрін ешқашан пайдаланбаған», – деп мәлімдеді министрлікке қарасты Азаматтық авиация комитеті.