Геннадий Головкиннің жеңіске жеткен сәттегі видеосы жарияланды

Геннадий Головкиннің қарсыласын сұлатып салған сәтіндегі видеосы жариялады.

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) Геннадий Головкиннің 2003 жылы Бангкокта өткен әлем чемпионаты финалындағы жекпе-жегінің мұрағаттағы видеосын жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.   

75 келідегі шешуші айқаста Головкин украиналық Олег Машкинмен жұдырықтасты. Бұл кездесуде Головкин мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Видеода: «Геннадий Головкин Бангкокта 2003 жылы өткен әуесқойлар арасыдағы әлем чемпионатының финалында Олег Машкинді тоқтатты», – деп жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин елге оралғанын жазған болатынбыз.