Алматыға жақын қашықтықта жер сілкінді

6 қаңтар күні Алматы уақытымен түскі сағат 14.26 кезінде жер сілкінді.

Бұл жағдайды ТЖМ-нің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 516 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.1.

MPV магнитудасы – 4.3.

Тереңдігі – 15 шақырым.

"MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ", – делінген кезекші оператордың хабарламасында.