Оралдағы дәмханада болған жарылыстың видеосы тарады

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шеккен болатын.

Әлеуметтік желіде Оралдағы дәмханада болған жарылыстың видеосы пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 RIZYQ  дәмханасындағы жарылыс болған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеоны жергілікті "Орал апталығы" басылымы Telegram арнасында жария етті.

Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде алдын ала мәлімет бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан ғимарат опырылған болатын.

Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Кейін үшінші адамның денесі үйінді астынан шығарылғаны хабарланды.