Аягөзде 20 тонна жанармайы бар цистерна жалынға оранды

Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алып үлгерді.

5 қаңтар күні кешке Аягөз аудандық полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғыннан Ақтоғай ауылында КамАЗ автоцистернасының өртенгені туралы хабарлама келіп түскен, –   деп жазды Aikyn.kz.

Қауіпті аймақ қоршауға алынып, жақын маңдағы үйлердің 52 тұрғыны эвакуацияланды, оның 20-сы – балалар.

Жанармай цистернасында 20 тонна жанармай болған, сондықтан цистернаның жарылу қаупі бар екені анықталды. Жанармай құйылған автоцистернаның өртін сөндіру үшін көбік шабуылы қолданылды.

Өрт сағат 20.30-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.