Балқаштан жеткізілген еліміздегі жалғыз құрылғы – америкалық өнеркәсіптік радиолокация автобустың жатқан жерін анықтап берді, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Аталған құрылғы жоғары жиілікті импульстарды сканерлеуге және топырақ профилінің суреттерін алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, автобустың шамамен 5 метр тереңдікте жатқаны анықталған.
Кеше “Майқайыңалтын” кен байыту комбинатына қарасты опырылған шұңқырдың нақты аумағы анықталған болатын.
Белгілі болғандай, оның тереңдігі – 66 метр, ұзындығы – 170 метр, ені – 130 метр. Өлшем кәсіпорындағы маркшрейдер құралымен жасалды.
Іздестіру жұмыстары екі ауысыммен тоқтаусыз жүргізілуде.
Шыңырауға түсіп кеткен автобус, жүргізуші және бір құтқарушы әлі табылған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жерастына түскен төрт адамның екеуінің денесі шығарылды.