QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары ұсталды

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады

«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.

Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.