Орал қаласындағы жарылыс пен өрт болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкерге екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзды деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір жедел тергеу тобы қажетті сараптамаларды тағайындап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, төрт күн бұрын Оралда дәмханада газ қоспасы жарылып, ғимарат өртенген болатын. Салдарынан үш адам қаза тауып, 6 адам жарақаттанды.