Ақмола облысында республикалық күрежолдың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Шектеу автокөліктің барлық түріне жүреді.

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар күрежолдың 5 учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.   

«Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, автожолдарымен жүру бағытын алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.