17 жыл құлдықта болған апалы-сіңлілі қыздарды «Көреміз» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай жаңа жылмен құттықтап, сыйлық жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Жексенбі күнді пайдаланып, қарындастарымды Жаңа жылымен құттықтап қайттым! Себебі бұл жыл Назгүл мен Құндыз үшін ерекше жыл! Мерекеге орай екі қыздың қос құлағына алтын сырға тағу бұйырды. Қарындастарымыздың қара басы алтыннан да ардақты болсыншы! Қыздарға сырғалары жарасты ма?», – деп жазды журналист.