Ертең 9 облыста ауа райы құбылмалы болады. Аяз күшейіп, боран соғады.
Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20 м/с-ға жетеді.
Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қар жауып, жел екпіні күшейеді.
Павлодар, Түркістан, Қостанай облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.