Зорлық көрсетушілер – полиция бақылауында

Үкімет тұрмыстық зор­лық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-қимыл сая­сатын қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асырып жатыр. Бұл туралы ІІМ-де өт­кен баспасөз мәслихатын­да Әкімшілік полиция коми­теті төрағасының орын­басары Ренат Зұлхайыров мә­лімдеді.

«Жәбірленушілердің қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақса­тында өткен жылы 87 мың қорғау нұсқамасы таратылды. Отбасында зорлық-зомбылық көрсетушілер полицейлердің бақылауында. Айыптыға бірқатар шектеу қойы­лады, осыған талаптарды бұзу бойынша 12 мың фактінің жолы кесілді. Қабылданған шара­лардың нәтижесінде қоғамда түрлі құқық­бұзушылыққа төзбеушілік қағи­даты қалыптасқанын атап өткен жөн», – деді Р.Зұлхайыров.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткішінің азайғаны байқалып отыр. «Поли­цей­лердің күш көрсетушілерге қарсы шара қабылдауында кейбір мәселелер бойынша құзыреті рұқсат бермейді. Осыған байла­нысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойын­ша, яғни осы салалағы саясатты қайта қарау жөніндегі жол кар­тасын іске асырып жатыр», – деді ол.