Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Алматыдағы хостелде болған өрттің ықтимал себептерін атады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейінгі брифингте министрден Алматы хостелінде бірнеше адамның өліміне себепші болған өрттің тұтану себебін сұрады.
«Бұл жарық қондырғысының қызып, балқуынан туындаған қысқа тұйықталу болуы мүмкін. Екінші нұсқа – өрт ұшқыны болуы ықтимал. Яғни, біреу темекі тұқылын немесе сіріңке шырпысын тастауы мүмкін. Негізгі себептері осы болуы ықтимал», – деді Сырым Шәріпханов.
Айта кетейік, 2023 жылы 30 қарашада мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапқан болатын.