Рахат Тұрлыхановтың ісі тағы да сотқа түсті

Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергені белгісіз.

Желіде танымал әнші Рахат Тұрлыхановтың адам ұрғаны туралы ақпарат тарады, –  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram арнасында пайда болды. 

"Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергені белгісіз. Ал Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-1-тармағында отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға жасалған әрекеттер үшін жаза қарастырылған. Әнші екінші әйеліне тағы да қол көтерген сияқты", – делінген жазбада. 

Tengrinews.kz тілшісі Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сайтында ақпараттың рас-өтірігін тексерді. 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс қарауға қабылданған.

"Судья Ержан Алдабек құрамындағы Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің материалдарын зерделеп, бұл істің сотқа ведомстволық бағынысты екенін, істі қарау Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құзыретіне жататынын анықтады", – делінген құжат мәтінінде.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" негізделген. 

Сот сайтынан алынған құжат

Құжатқа сәйкес, тыңдау 3 қаңтарға жоспарланған. Редакция тілшісі сотқа бұл іс бойынша сауал жолдады. 

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов – депутат Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі. Былтыр қазанда Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып тастағаны туралы ақпарат тараған еді.  

Рахат Тұрлыханов – танымал әнші. Оның "Әжеме", "Танцуй, как огонь", "Зимние ливни", "Азем" сияқты әндері бар.