Тараздағы жұмысшы әйелдерді қуантудың бір тәсілі
Тараздағы жұмысшы әйелдерді қуантудың бір тәсілі
162
оқылды
Тараздық ерікті жастар көшеге шығып қоғамдық жұмысшы әйелдерді мерекелерімен құттықтап, гүл сыйлады. Сондай-ақ белсенді жастар көлік жүргізуші  қыз-келіншектерді де гүл құшағына бөледі. – Бұл шара арқылы біз – ардақты ана, аяулы әпкелерімізге құрмет көрсеткіміз келді. Әсіресе қоғамдық жұмыстарда жүрген нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Жоспарымызды жүзеге асыруға атсалысқан барлық тараздық жастарға алғыс айтамын, - дейді Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін атқарушы Абзал Есіркепов. Өз кезегінде гүл құшағына оранған аналар жастарға деген шексіз разылықтарын жеткізді.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы

Тараз қаласы